Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары "Алғысқа толы күн" атты тәрбие...
12 наурыз 2026
1
0
0

"Алғысқа толы күн" атты тәрбие сағаты

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. О.А. Туребаев 1 курс «Стоматология» БББ білім алушыларымен "Алғысқа толы күн" атты тәрбие сағатын өткізді.
Студенттер алғыс сезімін қалыптастыру, достық пен сыйластықты нығайту мақсатында пікірталастар мен практикалық ойындарға қатысты. Іс-шара барысында әр студент бір-біріне алғыс сөздерін айтып, позитивті қарым-қатынас пен ынтымақтастық атмосферасын сезінді.
Бұл тәрбие сағаты студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және Қазақстанның мәдени дәстүрлерінде алғыс білдіру маңызын түсінуге бағытталды.
Тәрбие сағаты студенттердің алғыс сезімін қалыптастырып, достық пен сыйластық қарым-қатынасты нығайтты. Қатысушылар өз өмірінде және оқу процесінде көрсетілген қолдауға ризашылық білдірудің маңызын түсінді. Іс-шара әлеуметтік жауапкершілік пен мәдени құндылықтарды дәріптеуге, позитивті эмоциялар мен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға үлес қосты.

Пікірлер орны (0)