Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Аналар – отбасының тірегі, қо...
18 мамыр 2026
1
0
0

«Аналар – отбасының тірегі, қоғамның негізі»

Бүгін А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында Аналар күніне орай «Аналар – отбасының тірегі, қоғамның негізі» атты мерекелік кездесу кеші өтті. Іс-шараға «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының» В-МҚАБ-01-24 және В-ПҚ-01-24 топтарының білім алушылары “Медбиофизика және АТ” кафедрасының ПОҚ-ы белсенді қатысты. Кездесу барысында отбасы құндылықтары, ананың қоғамдағы рөлі мен ұлттық тәрбие жайында тағылымды ойлар айтылып, қонақтар өз пікірлерімен бөлісті. Кешке Ұлбала Мырзалиева, Әбила Көздібаева және психолог Зулипа Абдрахманова арнайы қатысып, жастарға тәрбиелік мәні зор әңгіме өрбітті. Іс-шараның көркемдік бөлімінде «Киелі кимешек» әжелері мен «Асыл аналар» хоры өнер көрсетіп, кештің мазмұнын аша түсті. Студенттер рухани әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Пікірлер орны (0)