
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.А.Беккулова 1 курс «Медицина» БББ, ВМ-МШаб-06-25 алыс шетел топтарында «Ақыл мен ой - адамдықтың шамы» атты қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығынан көркем сөз оқу сайысын өткізді.
Сайыстың мақсаты: шетел студенттерінің қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын тереңірек таныстыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. А.А.Беккулова шетелдік студенттерге қазақтың ұлы ақын-жазушыларының шығармаларын таныстырып, ұлттық әдебиеттің құндылықтарын ұғындырды.

Шетел студенттері қазақтың ұлы ақын-жазушыларымен танысу арқылы олардың шығармашылығына тереңірек бойлап, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ерекшеліктерін жақсырақ түсінді. Атап айтқанда: Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин, Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев және т.б. шығармаларымен таныстырылды. Бұл ақын-жазушылардың шығармашылығына шетелдік студенттер тек әдебиеттің тереңдігі мен ұлттық ерекшелігін түсінуден ғана емес, сонымен бірге қазақ мәдениетіндегі адамгершілік, руханият және патриотизм мәселелерін де көбірек ұғынып, өздеріне жаңа ойлар мен сезімдер алды. Қазіргі таңда алыс шетелдерде қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттау қажеттілігі ерекше маңызды, өйткені бұл шетелдік студенттерге қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетіне тереңірек бойлауға көмектеседі.
Бұл сайыс қазақ әдебиетінің тереңдігін ашуға, шетел жастарын ұлттық құндылықтарға жақындатуға бағытталған маңызды әрі пайдалы іс-шара болып табылады.