
ОҚМА-ның «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасында «Толық адам» тұжырымдамасы аясында «Ұстаздық – ұлы мұра» атты ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарға ұстаздық жолдың қадір-қасиетін түсіндіру, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайту және Абайдың «Толық адам» концепциясы арқылы болашақ медицина мамандарының бойына ақыл, қайрат пен жүрек қасиеттерін сіңіру.
Жауапты ұйымдастырушы: оқытушы Г.Б. Ағабек. Қатысушылар: кафедра оқытушылары Г.К. Асилбекова, А.А. Жиенбаева, Т.О. Абдирова және ВМ-СҚА-02-26,ВМ-СҚҚБ-06-26, ВМ-МҚАБ-04-26, ВМ-СҚБ-04-26, ВМ-МҚА-05-25, СҚқАБ-03-26 топтарының студенттері.
Қонақтар: ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Дәрілер технологиясы және фармакогнозия» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Өмірали Мұрат Әдіханұлы, «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының меңгерушісі, профессор, х.ғ.к. Дәуренбеков Қанат Нарбекұлы және профессор, х.ғ.к. Алиханова Халия Бакадировна.
Басқосу барысында ардагер ұстаздар өздерінің өмір жолы, ғылыми ізденістері мен педагогикалық тәжірибелері туралы әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында білім алушылар өз өнерлерін көрсетіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара жылы лебіздер мен ақ баталарға ұласып, ұрпақтар сабақтастығының, ұстазға деген құрмет пен адамгершілік құндылықтардың маңызын айқындай түсті.