
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының №1 жатақханасында оқу орнының ардагер ұстаздарымен тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге академияның профессорлары Орманов Намазбай Жаппарұлы, Жұмабаев Нарбек Жұмабайұлы, Сейдулла Жұмашев, Өмірәлі Мұрат Әдіханұлы, оқытушы Тамара Жайлауқызы, сондай-ақ Фармация факультеті деканының орынбасары Мәлік Сапақбай қатысты.
Кездесу барысында ардагер ұстаздар өздерінің еңбек жолы мен өмірлік тәжірибелерінен сыр шертіп, академияда қызмет еткен жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, оқу орнының қалыптасу кезеңдері мен оның дамуына үлес қосқан азаматтар туралы әңгімеледі.
Кездесуде қоғамдағы өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, еліміздегі жаңа Конституция, Құрылтай мен Халық кеңесінің құрылуы, олардың қоғам өміріндегі маңызы жөнінде пікірлер айтылып, өзара ой бөлісті.
Ардагер ұстаздардың өмірлік тәжірибесі мен жүрекжарды естеліктері жастарға үлкен өнеге болды.