
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында әскери кафедра түлектерінің әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шара барысында әскери кафедра қызметкерлері мен студенттер салтанатты киімде және далалық формада сап түзеп, ерекше тәртіп пен ұйымшылдық көрсетті. Кафедра қызметкерлері жауынгерлік туды ортаға алып шығып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.
Салтанатты жиында әскери кафедра бастығы, запастағы подполковник Қасымбеков Асан Бөлегенұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас түлектерге жауапты қызмет жолында сәттілік тіледі. Одан кейін кафедра бастығының бұйрығына сәйкес жеке құрам әскери ант қабылдау рәсімін өткізді.
Шараға қатысқан түлектердің ата-аналары да құттықтау сөз айтып, оқу орны басшылығына ризашылықтарын жеткізді. Мерекелік жиын академия өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, қатысушылар естелікке суретке түсті.
