
2026 жылдың 20–21 наурыз күндері Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық спорт күнін насихаттау мақсатында өткен асық ату Әлем кубогында «ОҚМА» АҚ –ның алыс шетел білім алушылары қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Бұл дүбірлі додада 10 мемлекеттен келген спортшылар бақ сынады.
1.Азербайжан мемлекеті,
2.Ауғанстан мелекеті,
3.Қазақстан мемлекеті,
4.Қырғыстан мемлекеті,
5.Монғалия мемлекеті,
6.Ресей мемлекеті /Саха федерациясы/,
7.Үндістан мемлекеті,
8.Пакистан мемлекеті,
9.Түркменстан мемлекеті,
10.Түркия мемлекеті.
Біздің білім алушылар 10 мемлекеттен жиналған мықтылар арасында намысты қолдан бермей, лайықты өнер көрсетті.
Біздің білім алушылардың нәтижелері:
Асық атудан блиц есепте ВМ-МША-05-24 тобының білім алушысы SAXENA AVNEET – ІІ орын.
Жалпы командалық есепте – ІІІ орын.
Бес асық ойынында ВМ-МШАБ-02-24 тобының білім алушылары PATEL TANISHA, PATEL HARSHITA – IV орынды иеленді.
Жеңімпаздар қаржылай және диплом, кубоктармен марапатталды.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
