
Ағымдағы жылдың 31 наурызында Ташкент мемлекеттік медицина университетінің базасында медицина жоғары оқу орындары студенттері арасында «Авиценна ізбасарлары» атты Халықаралық пәндік олимпиада өтті.
Ауқымды зияткерлік іс-шара Өзбекстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы және басқа да елдердің жетекші медициналық жоғары оқу орындарынан 200-ден астам студентті біріктірді.
Біздің оқу орнымызды «Медицина» ББ 3-курс студенттерінен құралған команда лайықты түрде таныстырды. Олардың қатарында Каримова Назмина, Сапарова Карина, Мадикаримова Динара, Тоимова Фариза болды.
Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Эльмира Қуанышовна.
Олимпиада «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша оқу орнымыздың «Медицина» ББ 3-курс студенттерінен құралған команда ІІ орынды иеленіп, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдығын және кәсіби жетілуге деген ұмтылысын көрсетті.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға алдағы уақытта да жаңа жетістіктер, ғылыми табыстар және жарқын кәсіби жеңістер тілейміз!