
2026 жылдың 5 ақпанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында шет тілдері кафедрасының ұйымдастырумен ""Әйелдер құқығы дегеніміз не?" тақырыбында тренинг болды. В-ФҚАБ-02-25 топ студенттері қатысты. Тренингті «САНА СЕЗIМ» Әйелдер бастамалық құқықтық орталығы ҚБ орталығының әлуметтік жұмыс маманы Таңатар Нұртәтіш Нұрғабылқызы өткізді. Әйелдер құқығы - бұл әйелдер мен қыздарға бүкіл әлем бойынша берілетін жане кепілдік берілетін құқықтар мен еркіндіктер. Олар ерлермен тең дәрежеде өмір сүру, білім алу, жұмыс істеу, саяси өмірге қатысу жене зорлық-зомбылықтан қорғалу құқығын қамтиды. Әйелдер мен балаларға азаматтық қоғам мен демократияны жағдайында әлеуметтік қалыптастыру және өмірлік қатынастарды бағдар беруде қолдау көрсету; қоғамдағы зорлық-зомбылықсыз қалыптастыру, сонымен қатар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-әрекеттерді жетілдіру.