
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. О.А.Туребаев 1 курс «Стоматология» БББ студенттерімен «Азаматтық құқықтар мен міндеттер» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Студенттерге азаматтық құқықтар мен міндеттер туралы түсінік беру, олардың мазмұнын ашу және Қазақстан Республикасы азаматы ретінде жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында білім алушылар азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, заң алдындағы теңдік, жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау мәселелері жөнінде мағлұмат алды. Сонымен қатар, әрбір азаматтың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттері, заңдарды сақтау, өз құқықтарын дұрыс пайдалану және өзгенің құқықтарын құрметтеу қажеттілігі кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікір алмасты. Тәрбие сағаты жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталды.