Войти
Басты бет Академия жаңалықтары BA, MA және PhD деңгейлері бой...
26 маусым 2025
3
0
0

BA, MA және PhD деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының рейтингі жарияланды

BA, MA және PhD деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының рейтингі жарияланды. Айта кетейік, «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)» Халықаралық рейтингі жоғары оқу орындарының қызмет сапасын жан-жақты бағалауға бағытталған. Ол IREG (Observatory on Academic Ranking and Excellence) академиялық рейтингтер мен үздік тәжірибелерді құрудың халықаралық әдістемелік және эмпирикалық зерттеулер жүргізу стандарттарын ескере отырып, жоғары оқу орындарының жаһандық білім беру және ғылыми зерттеу кеңістігіне интеграциялануына ықпал етеді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бірқатар білім беру бағдарламалары жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, IAAR рейтингіне қатысқан жоғары оқу орындары арасында келесі білім беру бағдарламалары өз топтарында 1-орын иеленді: 

B086 – Медицина

 

B088 – Педиатрия

 

 B087 – Стоматология

 

 M142 – Фармация

 

«IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)» Халықаралық рейтингісінің әдістемесі Берлин принциптеріне: ашықтық, объективтілік, тексерілушілік және ақпарат көздерінің қолжетімділігіне негізделген. «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)» Халықаралық жоғары оқу орындары рейтингісінің әдістемесі IREG (Observatory on Academic Ranking and Excellence) халықаралық аудитінің нәтижелері бойынша халықаралық сарапшылар тарапынан мақұлданған.

Пікірлер орны (0)