
2026 жылдың 24 ақпанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Жалпы тәжірибелік дәрігер-2» кафедрасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы №43 жалпы орта мектептің 8–9–10–11 сынып оқушылары арасында «Балалар мен жасөспірімдер арасында интернетке тәуелділік» тақырыбында сауалнама жүргізілді.
Іс-шара Қуанышева Бақтыгүл Әбілдақызының жетекшілігімен 612-25 тобының қатысуымен өткізілді.
Сауалнама барысында оқушылардың интернетті пайдалану белсенділігі, бос уақытты ұйымдастыру ерекшеліктері және интернетке тәуелділіктің алдын алу мәселелері зерттелді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу, ақпараттық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.