Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «ЖТД-1 »кафедрасы ІЖТДҚ 08-24 тобымен, кафедра ассистенті медицина ғылымдарының магистрі Г.Н.Нұрмахановнаның жетекшілігімен «Тәжірибелік дағдыларды пайдалана отырып, балалардағы бронхообструктивті синдром және оның асқынуы кезінде көрсететін дәрігердің іс әрекеті» атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді. Сабаққа кафедра меңгерушісі асс.проф. Г.М Датқаева, оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Г.С Алдабергенова, ТДО орталығының әдіскері А.А. Сейтбекова, кафедра ассистенттері П.С. Сүлейменова, Н.Қ. Тұңғышбаева қатысты.
Академияның ТДО орталығында интерндер клиникалық сценарий бойынша тәжірибе орталығындағы маникендермен шынайы керекті жабдықтарды пайдалана отырып, балаға алғашқы көмекті, аспаптық және лабораториялық зерттеу нәтижелерін жасап, қорытынды жасай білді. Сабақ 3 станцияға бөлініп өтілді.
1-ші станцияда Интерндердің коммуникативті дағдыларын дұрыс көрсету, комфликті жағдайдан шыға білу, науқаспен қарым-қатынас.
2-ші станцияда Науқасты жалпы қарап тексеру, аускультация, перкуссия, пальпация дағдыларын орынды пайдалана білді. Антропометрияны ретімен талапқа сәйкес көрсетті.
Тақырыпқа сәйкес “Бронхообструктивті синдром кезінде ерекшеліктерді атап, дұрыс бағыт алынды” Науқасқа алғашқы көмекті клиникалық хаттамаларға сәйкес орындалды.
3-ші станцияда Интерндер тақырыпқа сәйкес әртүрлі асқынулар кезіндегі талапқа сәйкес көмекті көрсете алатынын көрсетті. Лабораториялық анализдерді дұрыс алу техникасын және талдауды жоғары деңгейде өткізе білді.
Дәрігер интерндер науқаспен коммуникативті дағдыларды дұрыс орнату, этика және деонтологиялық ережелерді сақтауды, шұғыл жағдайларда дер кезінде дұрыс көмек беруді, жауапкершілікті сезінуді, стандартталған пациент арқылы толықтырды.
«ЖТД-1» кафедрасы бәсекеге қабілетті, білімді, клиникалық ойлау қабілеті жүйрік интерндер дайындауда үлкен үлес қосуда.