Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Бақытты отбасы – бақытты ел»
10 қыркүйек 2026
1
0
0

«Бақытты отбасы – бақытты ел»


Бүгін Психологиялық қызмет және Шет тілдер кафедрасы ұйымдастыруымен «Отбасы күні» мерекесі аясында студенттерге арналған «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында тәрбиелік-танымдық кездесу өтті. 

Кездесудің негізгі мақсаты – отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жастардың бойында ата-анаға деген құрмет, сүйіспеншілік, мейірімділік пен жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. Кездесу барысында «Отбасы дегеніміз не?», «Бақытты отбасы қандай болады?», «Отбасылық бақыттың негізі неде?» деген маңызды сұрақтар талқыланып, студенттер өз ойлары мен өмірлік көзқарастарын ортаға салды. Интерактивті тапсырмалар мен тренингтік жаттығулар арқылы студенттер сенім, сыйластық, түсіністік, қамқорлық, бірлік және сүйіспеншілік секілді отбасының берік негізін қалыптастыратын құндылықтарға назар аударды. Жылы пікір алмасу барысында әр қатысушы отбасының өз өміріндегі ерекше орнын сезінді.

Пікірлер орны (0)