
2025 жылдың 7-інші қазанында барлық факультеттер арасынан академия құрама командасын жасақтау мақсатында “Дене тәрбиесі” орталығының ұйымдастыруымен Баскетбол ойынынан іріктеу жарыстары өтті. Болашақта құрамада сап түзейтін спортшыларымызды іріктеу жарыстары кезінде спорттық бәсекеге қабілеті бар, нәтижеге жете алатын, мықты дене дайындығы бар және барлық критерийлерге сай келетін білім алушылардан айқындауды көздеп отырмыз. Білім алушылар жақсы деңгейде ойын көрсетті және талапқа сай іріктелініп алынды.Алдағы уақытта іріктеу жарысында оза шапқан білім алушылар Студенттік срорт лигада тағы басқа бәйгелерде академияның намысын қорғайды. Іріктеу жарысында қызықты ойын көрсеткен командалар: Қырандар командасы, Жалпы медицина командасы (ұлдар,қыздар), Фармацевтикалық өндіріс технологиясы (ұлдар,қыздар) командасы, Стоматология командасы, Академияның құрама командасы Жарыста 1-ші орынды Стоматология (ұлдар), Жалпы медицина (қыздар)командасы жеңіп алды.