Мамандарды даярлау кезінде құзыреттілікке негізделген тәсілді жүзеге асыру білім алушылардың кәсіби дағдыларын қалыптастыру және дамыту мақсатында оқу процесінде сабақтан тыс жұмыстармен ұштастыра отырып сабақтарды өткізудің белсенді және интерактивті нысандарын кеңінен қолдануды қамтамасыз етуі тиіс.
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының алдыңғы қатарлы оқытушылары көктемгі семестрде «Фармация» БББ 4-5 курс студенттерімен белсенді әдістерді қолдана отырып, жоспарлы ашық сабақтар өткізді.
Мысалы, профессор Ордабаева С.К. 4 курсқа фармацевтикалық химия пәнінен пресс-конференция түрінде дәріс өткізді. Пресс-конференция дәріс жүргізу мақсаты студенттердің фармацевтикалық химияның бензодиазепиндер туындыларының дәрілік заттарын талдау бойынша арнайы бөлімін меңгеру ғана болған жоқ.
Лектор семестрді қорытындылап, студенттердің болашақ кәсіби қызметтеріне қажетті және басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланысты дамыту үшін алған білімдеріне талдау жасады. Білім алушылар алдын-ала дәріс тақырыбы бойынша тарату материалдарымен танысып, нәтижесінде өздерін қызықтыратын және осы бөлім бойынша қиындық тудыратын сұрақтарын дайындады.
Студенттердің материалды меңгеру тиімділігі тестілеу арқылы тексерілді, сонымен қатар білім алушылар «Лектор студент көзімен» анкеталық сұрақтарына жауап бере отырып, анкета соңына оқытушының жұмысына өз пікірлерін жазып, бағаларын берді.
Доцент А.Д. Серікбаеваның дәрісі 5 курс студенттерімен «Токсикологиялық химия-2» пәнінен «дәріс-талқылау» әдісі бойынша өткізілді. Тақырып өзекті әлеуметтік мәселе - есірткіні заңсыз қолдану және олардың химия-токсикологиялық талдау әдістеріне арналды.
Істің барлық мән-жайларын дұрыс анықтау мақсатында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің ерекшеліктеріне әртүрлі профильдегі мамандарды: криминологтар, токсикологтар және наркологтарды тартуды талап етеді. Сонымен қатар, есірткі қолдану фактісін анықтау мақсатының негізгі бағыттарының бірі күдіктілерге сот-медициналық сараптама жүргізу болып табылады, оның нәтижелері көбінесе субъектінің биологиялық сынамаларының зертханалық зерттеулерінің нәтижелеріне байланысты болып келеді. Бұл мақсатқа жету үшін студенттер ксенобиотиктердің химия-токсикологиялық талдауы саласында жоғары теориялық білімі болуы керек.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты жоғары білім берудің қазіргі кезеңінде материалды терең меңгеруге және алған теориялық білімдерін бекітуге көмектесетін оқытудың әртүрлі инновациялық әдістерін қолдану қажет. Дәріс барысында А.Д.Серікбаева студенттермен апиаттар, апиоидтер және каннабиноидтардың химия-токсикологиялық талдауының өзекті мәселелерін талқылады. Оқытушы дәріс бойы аудиториямен байланысты шебер ұстап, материалды сұрақ түрінде ұсынып, студенттермен талқылап отырды. Бұл білім алушылардың ақпаратты тиімді түсінуіне және меңгеруіне мүмкіндік берді. Дәріс соңында студенттер мен оқытушылар алған әсерлерімен бөлісті. Студенттер лекторға осындай қызықты әрі жан-жақты дәрісі үшін алғыстарын білдірді.
Доцент Турсубекова Б.И. «Фармация» БББ-ның жеделдетілген бөлімінің 2 курс студенттерімен «Фармацевтикалық химия және дәрілік заттардың стандартизациясы» пәні бойынша «Таблеткаларды талдау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ зерттеуге негізделген оқыту (RBL) арқылы өткізілді. RBL студенттердің шығармашылық потенциалын, мәселелерді шешу үшін жүйелі көзқарасын, заманауи зерттеу әдістерін қолдана білуді, жаңа технологияларды енгізу және тиімділігін бағалауды, өз тәжірибесіндегі зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізуді, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамытатыны белгілі.
Студенттерге сабақтың тақырыбы бойынша алдын ала тапсырма берілді, оның аясында олар Scopus, Web of Science және РИНЦ веб-сайттарына тіркеліп, шетелдік әдебиеттерге шолу жасады: олар қазақстандық және халықаралық ғылыми деректер қорынан ғылыми ақпаратты іздеп, жинақтап, өңдеді.
Метамизол натрий таблеткаларының сапасын бақылау бойынша жүргізілетін зерттеу жұмысы келесі: идентификациялау, тазалығын талдау және сандық анықтау бөлімдерінен болды. Сонымен қатар келесі көрсеткіштер: ыдырағыштығы, үгілуі, еруі, орташа массасын анықтау және т.б. анықталды. Студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін химиялық және физика-химиялық (спектралды, хроматографиялық және фармако-технологиялық) әдістерді қолданды.
Ашық сабақта студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптың өзектілігін ашып, стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың медицинадағы тәжірибелік маңыздылығын көрсетіп және өздеріне тиісті зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен қатысушыларға таныстырып, қорғай білді.
Ашық сабаққа біздің кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кафедраға келген доктор Прабита Р. (JSS Academy of Higher Education Research, Musuru) сабаққа қатыса отырып, ашық сабаққа өте жоғары баға берді.
«Фармация» бакалавриат БББ студенттерінде дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттауды жүргізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында фармацевтикалық химия пәнінен жобаға бағытталған оқыту енгізілген.
«Құрамында шілтержапырақты шайқурай бар стоматологиялық пленкаларды зерттеу» атты жоба тақырыбы бойынша үш топшаға бөлінген (PharmaLab, Vitapharm, Pharmpower) В-ФҚ-02-21 тобы айналысты. Топ басшылары белгіленіп, әр шағын топшаға белгілі бір тапсырмалар берілді, кафедраның аға оқытушысы А.Ш.Каракулова фасилитатор қызметін атқарды.
Көктемгі семестр барысында екі рет (1 және 2 аралық бақылау) жасалынған жұмыстар бойынша презентация және бейнероликтер түрінде есеп беру өткізілді. Бірінші кезеңде студенттер әдебиеттік шолулар жасау үшін Scopus, Web of Science, Google Scholar және т.б. сияқты халықаралық ғылыми базаларға тіркеліп, талдау жұмыстарын жүргізді.
Екінші кезеңде стоматологиялық пленкалардың сапалық сипаттамалары зерттеліп, сонымен қатар олардың талдауларын заманауи талдау әдістерін (ионометрия, жұқа қабатты хроматография, титриметрия) қолдана отырып, нормативті құжат талаптарына сай жүргізді.
Келесі семестрде жобалық жұмыс жалғасатын болады, ары қарай спектральды және хроматографиялық әдістерді пайдалана отырып, әсер етуші заттардың сандық мөлшерін анықтау жоспарланып отыр, жасалған жұмыстардың нәтижелері бойынша Уақытша аналитикалық нормативті құжат жобасы дайындалады.