Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Білім алушылар Абайдың «Толық...
23 қаңтар 2026
1
0
0

Білім алушылар Абайдың «Толық адам» ілімін игеруде


Қазіргі қоғамның рухани жаңғыруы мен зияткерлік дамуы білім беру жүйесінің мазмұнына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, V Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды бағыттардың бірі – жас ұрпақтың Абай Құнанбайұлының «Толық адам» ілімін терең меңгеруі болып табылады.
Абайдың «Толық адам» ілімі – адам болмысының рухани-адамгершілік негіздерін айқындайтын тұтас философиялық жүйе. Бұл ілім ақыл, жүрек және қайраттың бірлігін басты қағида ретінде қарастырады. Ақынның ойынша, осы үш қасиет үйлесім тапқанда ғана адам кемелдікке жетеді. Сондықтан аталған ілімді білім алушылардың санасына сіңіру – олардың тұлғалық қалыптасуына, жауапкершілігі жоғары, елжанды азамат болып өсуіне ықпал етеді.
Осы орайда, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Ж.О.Нуржанбаева 2 курс білім алушыларына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында медицина және денсаулық сақтау саласы, жасанды интеллект пен цифрландырудың стратегиялық маңызы туралы атап өтті.
Аталған іс-шараны өңірлік «OŃTÚSTIK» телеарнасы түсіріп, оның барысын ақпараттық бағдарлама аясында көпшілік назарына ұсынды.
Мақсаты: Білім алушылардың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында көтерген медицина және денсаулық сақтау саласын дамыту, жасанды интеллект пен цифрландырудың стратегиялық маңызы жөніндегі бастамаларымен таныстыру; жастардың заманауи қоғамдық үдерістерге деген көзқарасын қалыптастыру; ұлттық дамудың басым бағыттарын түсіндіру арқылы олардың азаматтық жауапкершілігін, сыни ойлау қабілетін және кәсіби бағдарын арттыру.
Сонымен қатар, ол аталған бағыттардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторы екені, ал жасанды интеллект пен цифрландыруды кеңінен енгізу медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айтылды. Білім алушыларға бұл бастамалардың болашақ маман ретінде олардың кәсіби дамуы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырудағы маңызы түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттер өз ой-пікірлерін білдіріп, қойылған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Мұндай танымдық іс-шаралар жастардың мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын терең түсінуіне және заманауи өзгерістерге бейім, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)