Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Білім алушылар дәріханаларда т...
30 қаңтар 2026
1
0
0

Білім алушылар дәріханаларда тәжірибеден өтті


Фармация факультетінің «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1-курс (қысқартылған оқу түрі 2 жылдық) білім алушылары 12.01.2025 ж. - 16.01.2025 ж. аралығында «Танысу оқу практикасын» және 19.01.2025ж. – 23.01.2025ж. аралығында «Фармацевтикалық технология» оқу практикасын №2 қалалық аурухана және «Рецепт» ЖШС-нің дәріханаларында өтті. Практиканың кафедрадағы жетекшілері аға оқытушылар Нұрбаева С.Е. және Шойнбаева Г.Б. болды. №2 қалалық аурухана дәріханасының базасындағы жетекшісі Мирсалиева М.М. және «Рецепт» ЖШС дәріханасының базасында Баимбетов Е.А. болды.
Практика барысында білім алушылар дәріхананың жұмысымен, санитарлық режимнің негізгі талаптарымен және санитарлық-ағарту қызметімен, дәрілік түрлерді дайындау үдерістерімен, дәрілік түрлердің сапасын бағалаумен, оларды рәсімдеу және босатуды ұйымдастырумен, дәріханада дәрілік заттарды сақтау ерекшеліктерімен, сондай-ақ нормативтік құжаттама талаптарымен танысты. Білім алушылар практика өту барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін, дәріхана ішілік тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін толық сақтады.
Білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде тиімді қолдана білді, дәріхана жұмысының негізгі бағыттарымен танысып, берілген тапсырмаларды ұқыпты әрі сапалы орындады. Практика нәтижесінде №2 қалалық аурухана дәріханасының меңгерушісі және «Рецепт» ЖШС дәріханасының басшысы «Дәрілер технологиясы және фармакогнозия» кафедрасының меңгерушісі фарм.ғ.к., қауым. профессор Тоқсанбаева Жанат Садебекқызына «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1-курс (қысқартылған оқу түрі 2 жылдық) студенттерін жоғары деңгейде дайындағандары үшін алғыс хат жіберді.

Пікірлер орны (0)