2026 жылғы 04 наурызда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Тәжірибелік дағдылар орталығында (ЦПН) «АМСК деңгейіндегі балалар аурулары» пәні бойынша 6 курс ЖТД интерндерінің кезекті ғылыми жобараларды қорғау рәсімі өтті. Іс-шараға ІЖТО-19-25, ІЖТО-20-25, ІЖТО-21-25, ІЖТО-22-25 және ІЖТО-23-25 топтарының интерндері қатысып, жобалық оқыту аясында орындаған ғылыми жұмыстарын таныстырды.
Ғылыми жобаларды қорғауды ұйымдастыруды ғылыми жетекшілер жүзеге асырды: медицина ғылымдарының магистрі Сметова Р.А., ассистент Баймуратова Б.Н. және медицина ғылымдарының магистрі Жиен А.К.

Жобалардың тақырыптары алуан түрлілігімен ерекшеленіп, балалар денсаулығын сақтау саласындағы өзекті мәселелерге арналды. Атап айтқанда: интернет белсенділігінің балалардың өмір салтына әсері, мектеп оқушылары арасында темекі шегудің таралуын анықтау, балалардағы асқазан-ішек жолы ауруларының даму қауіп факторларын айқындау, балалардың дұрыс тамақтануы және т.б.
Жобаларды орындау аясында интерндер Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізді. Интерндер сауалнамаларды өздері әзірлеп, отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге шолу жасап, алынған мәліметтерге талдау жүргізді, сондай-ақ қорытындылар мен практикалық ұсыныстар тұжырымдады.

Балалар денсаулығына әсер ететін мінез-құлықтық, әлеуметтік және медициналық факторларды бағалауға ерекше назар аударылды. Әрбір баяндама презентациямен, статистикалық материалдармен және жүргізілген зерттеулердің практикалық маңыздылығын көрсететін қорытындылармен сүйемелденді.
Әрбір баяндамадан кейін қатысушыларға сұрақтар қойылып, белсенді пікірталас жүргізілді. Пікірталас барысында зерттеу нәтижелері, олардың интерпретациясы және алдағы жұмыс бағыттары талқыланды.

Осындай зерттеу жұмыстарын жүргізу интерндердің зерттеушілік дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, үздіксіз жетілуге және ғылыми ізденіске ұмтылысын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар интерндердің денсаулық сақтау жүйесі аясында профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға дайындығын күшейтеді.
«Жалпы тәжірибе дәрігері – 2» кафедрасы барлық қатысушыларға белсенділіктері, бастамашылдығы және шығармашылық көзқарастары үшін алғыс білдіреді