Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Білім алушылар театр қойылымын...
16 сәуір 2026
1
0
0

Білім алушылар театр қойылымын тамашалады


Дәрігер-интерндер тек білім алумен шектелмей, мәдени және рухани дамуға да ерекше мән беруде. Осы орайда ІЖТДҚ-15-25 тобы ВОП-2 кафедрасының оқытушысы, ассистент Абдиева Баян Мұратқызымен бірге Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында болып, ерекше әсер алды. “Қызыл орамалды шынарым” шығармасында өткен ғасырдың 60-жылдарында Тянь-Шань тауларының бөктерінде, Қырғыз жеріндегі Долан асуында өткен оқиға баяндалады. Чингиз Айтматовтың бұл туындысы өмірдің қадірін түсіндіріп, көрерменге терең ой салады.

Пікірлер орны (0)