Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Білім алушылардың ғылыми зерт...
10 желтоқсан 2025
1
0
0

«Білім алушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбындағы әдістемелік семинар

2025 жылдың 26 қараша күні М-МІҚ 01-25 тобының магистранттарымен «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім алушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру болашақ маманның кәсіби деңгейін арттырудың ғана емес, сонымен қатар оның сыни ойлауын, аналитикалық қабілеттерін және ғылыми ізденіс мәдениетін дамытудың негізгі шарты болып табылады. Осы бағытта бүгінгі семинар магистранттарға теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, ғылыми жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді. Іс-шараны кафедра меңгерушісі, м. ғ. к., доцент А. А. Сейдахметова ашты және болашақ мамандарда ғылыми ізденіс, талдамалық ойлау және дәлелді ақпаратпен жұмыс істей білу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында кафедра ассистенттері баяндама жасап, өзекті және мазмұнды тақырыптарды талқыланды:
1. Әуезханқызы Д. «Ғылыми зерттеулердегі жасанды интеллекттің рөлі»;
2. Ходжакулова У. А. «Магистранттарға арналған ғылыми нұсқаулық»;
3. Юнусметов Э. Ш. «Оқытудың ғылымға-бағдарланған әдісі (RBL) білім алушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде».

Қатысушылар зерттеу тақырыбын таңдау, әдебиеттермен жұмыс істеу, ғылыми жұмысты рәсімдеу және жарияланымдарды дайындау бойынша нақты ұсыныстар алды. Семинар ашық диалог форматында өтті, бұл студенттерге қызықты сұрақтар қоюға және құнды кеңестер алуға мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында ММІҚ 01-25 тобының бірінші курс магистранты Өміртай Г. қатысушыларға олардың жұмысқа қабілеттілігін қолдау және психоэмоционалдық жағдайын жақсарту мақсатында интерактивті ойын ұйымдастырды. Семинар қорытындысы бойынша студенттік ғылымды одан әрі дамыту және білім алушылардың ғылыми-білім беру іс-шараларына қатысуын кеңейту бағыттары айқындалды.

Пікірлер орны (0)