Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Білім алушыларымыз Бұхарадан ж...
27 мамыр 2025
2
0
0

Білім алушыларымыз Бұхарадан жеңіспен оралды

21-22 мамырда Бұхара мемлекеттік медицина институтында «Әбу Әли ибн Синаның ілімінен үшінші ренессансқа дейін» атты медициналық жоғары оқу орындарының студенттері арасында V халықаралық олимпиада өтті. Шараға 25-тен астам жетекші медициналық университеттерден 500-ден астам студенттер қатысты. Олимпиада офлайн режимінде өтті, бұл қатысушыларға теориялық білімдерін де, практикалық дағдыларын да көрсетуге мүмкіндік берді.
Біздің университет атынан 2, 3 және 4 курс студенттерінен тұратын алты команда қатысты. Әрбір қатысушы жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін және дамуға деген ұмтылысын көрсетті. Байқау нәтижесінде біздің барлық студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды, бұл олардың жігерлілігі мен университетіміздегі білім сапасының айқын дәлелі болды.
Біздің команда әртүрлі медициналық университеттерден келген 25 команда арасында жалпы командалық есепте екінші орын алды.

Енді жеңімпаздарымыздың есімін мақтанышпен атап өтейік: 
🥇 Бабаева С.Б., «ОМ» мамандығының 3 курс студенті – «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша 1 орын.
Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Е.Қ. 
🥇 Кенжехан Қ.Н., «ОМ» мамандығының 2 курс студенті - «Биохимия» пәні бойынша 1 орын.
Ғылыми жетекшісі: кафедраның аға оқытушысы Ордабекова А.Б. 
🥈 Байдуллаева Д.М., «Педиатрия» мамандығының 4 курс студенті – «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша 2 орын.
Ғылыми жетекшісі: PhD, медицина ғылымдарының магистрі Жүзжасарова А.А. 
🥈 Керимжан А.Е., «Педиатрия» мамандығының 4 курс студенті – «Балалық шақ ауруларының пропедевтикасы» пәні бойынша 2 орын.
Жетекшісі: кафедра ассистенті Ашурова С.И. 
🥉 Ермекбаев А.А., «Стоматология» мамандығының 4 курс студенті – «Хирургиялық стоматология» пәні бойынша 3 орын.
Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д. Шукпаров А.Б. 
🥉 Махаматов Я.А., «Стоматология» мамандығының 4 курс студенті – «Ортопедиялық стоматология» пәні бойынша 3 орын.
Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д. Шукпаров А.Б.

Олимпиада аясында медицина ғылымдарының докторы, профессор Бекмурзаева Е.Қ. және Оспанова С.Т. Бұхара мемлекеттік медицина институтына олимпиадаға қазылар алқасының мүшесі, сонымен қатар «визит-профессор» ретінде шақырылды. Біздің сапарымыз оқу үдерісіне және университеттер арасындағы тәжірибе алмасуға маңызды үлес болды.
Бұхара мемлекеттік медицина институтының ректоры Ш.Ж.Тешаевқа және проректорлар М.М.Амоновқа және Жарылқасынова Г.Ж. ерекше алғысымызды білдіреміз. Осындай маңызды халықаралық шараға қатысуға мүмкіндік берген «ОҚМА» АҚ-ның ректоры Жанна Серікжанқызы Сейтжановаға алғысымызды білдіреміз!

Пікірлер орны (0)