Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Білім күні аталып өтті
2 қыркүйек 2026
1
0
0

Білім күні аталып өтті

2026 жылдың 1 қыркүйекте City Park амфитеатрында Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-ның «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының бірінші курс білім алушылары қатысты.

Іс-шараға бірінші курс білім алушыларымен бірге «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының кураторлары да қатысты. Олар білім алушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда табыс, жаңа жетістіктер және студенттік өмірде жарқын әсерлер тіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – бірінші курс білім алушыларының студенттік өмірге бейімделуіне қолдау көрсету, қолайлы әрі достық ахуал қалыптастыру, сондай-ақ білім алуға деген оң ынтасын арттыру. Мереке білім алушыларға академиядағы өмірге алғашқы қадамдарын жасауға, бір-бірімен танысуға және өздерін академиялық қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік берді.

Аталған іс-шара 1 курс білім алушылары үшін студенттік өмірдің алғашқы жарқын әрі есте қаларлық оқиғаларының біріне айналып, олардың академияда білім алуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруға ықпал етті.

Жаңа оқу жылы баршаңыз үшін табысты, мазмұнды әрі жемісті болсын!

Пікірлер орны (0)