Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Білім мен ізденіс ордасы: жаң...
7 қазан 2025
9
0
0

«Білім мен ізденіс ордасы: жаңа кітаптармен танысу»

«Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы  Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың «Оқу залы» секторының қызметкерлері мен «Фармацевтикалық өндірістік технология» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушыларын кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптармен таныстыруды ұйымдастырды. Кітапхана – білім мен ғылымның сарқылмас қазынасы, ал кітап — болашақ маманның ең сенімді серігі. Әсіресе медицина саласында үздіксіз ізденіс пен жаңа ақпаратты меңгеру аса маңызды. Сондықтан білім алушыларға кітапхана туралы ақпараттар беріліп, кітапхана қорындағы көркем шығармаларға, түрлі жанрдағы кітаптарға, жастардың өзін-өзі дамытуға арналған мотивациялық кітаптарға, мамандыққа сай медициналық кітаптарға шолу жасалынды.

Пікірлер орны (0)