
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Білімді Келешек – III» халықаралық білім беру көрмесі өтті. Ауқымды іс-шараға Тараз, Түркістан, Қаскелең, Астана, Көкшетау, Ақтау, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Семей, Өскемен және Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, өздерінің білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін таныстырды.

Іс-шара барысында талапкерлер жоғары оқу орындарының өкілдерімен тікелей байланыс орнатып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы нақты жауаптар алды.
«Білімді Келешек – III» халықаралық білім беру көрмесі талапкерлерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, жоғары оқу орындарымен танысуға және білім алу жолын жоспарлауға мүмкіндік берді.