
ОҚМА Патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы Кенесова Ақжарқын ВМ-МҚБ-05-24 тобының білім алушыларымен бірлесе отырып, «Біліммен нұрланған болашақ» тақырыбында танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білімнің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту және жастарды үздіксіз ізденуге, өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру.
Іс-шара барысында білімнің болашаққа жол ашатын басты құндылық екені атап өтіліп, білімді, бәсекеге қабілетті әрі жан-жақты дамыған маман болудың маңыздылығы талқыланды. Білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытып, білім мен ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы пікір алмасты.