Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында түрлі этнос өкілдері арасында қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау мақсатында «Бірлік. Ынтымақ. Достық» тақырыбында көркемсөз оқу сайысы өткізілді.
Іс-шараны қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы ұйымдастырды.
Сайысқа 1-курс студенттерінен 16 білім алушы қатысты. Байқауды оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазылар алқасының құрамында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Беккулова Ақмарал Атығайқызы, шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Саржанова Динара Жолбарысқызы және жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Турабек Мадина Айдарқызы болды.
Сайыс қорытындысы бойынша ВМ-МОА-12-25 тобының білім алушысы Ергешова Назима Нурмахамадовна І орынды, ВМ-СОА-08-25 тобының білім алушысы Камилжанқызы Рузаина мен В-ФӨТА-05-25 тобының білім алушысы Рахманкулова Гулзода Давранбековна ІІ орынды, ВМ-ПО-03-25 тобының білім алушысы Давранова Зилола Хайруллақызы, ВМ-СОБ-08-25 тобының білім алушысы Сабиржанов Розматжан Захиджонович пен ВМ-СОБ-08-25 тобының білім алушысы Мұхамед Махсуд Байрам-Алиұлы ІІІ орынды жеңіп алды.
Іс-шара соңында Фармацевтика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Торланова Ботагоз Оңғарқызы іс-шараны ұйымдастырған оқытушылар мен сайысқа қатысқан білім алушыларға алғысын білдірді.
Сайыс жеңімпаздарына Алғыс хаттар тапсырылып, сый-сияпат жасалды.