Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Бітіруші түлектер өңірлік денс...
6 ақпан 2026
1
0
0

Бітіруші түлектер өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерімен кездесті

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да түлектердің Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерімен мансаптық кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты - түлектерді өңірлік медициналық ұйымдардың кадрлық қажеттіліктерімен, жұмысқа орналасу шарттарымен, жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен және кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктерімен таныстыру. Іс-шараға Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, «ОҚМА» АҚ басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, интернатура және резидентура деканаты, мансап бөлімінің меңгерушісі және менеджерлері, сондай-ақ интернатура және резидентураның бітіруші түлектері қатысты.

Төралқа құрамы: Атырау облысы ДСБ медициналық ұйымдарының адами ресурстарын басқару бөлімінің басшысы - Нұрғалиева Гульмира Талғатқызы; Атырау облыстық ауруханасының директоры - Иманғалиев Ербол Зинуллаевич; Қостанай облыстық ауруханасының бас директоры - Утебаев Асхат Онгарович; Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ДСБ басшысының орынбасары - Саржанов Нұрсұлтан Жанатұлы.  Кездесу барысында денсаулық сақтау органдарының өкілдері өңірлердегі медициналық ұйымдардағы жұмыс ерекшеліктері, жұмысқа қабылдау тәртібі, еңбек жағдайлары, сондай-ақ жергілікті жерлерде денсаулық сақтау жүйесін дамыту перспективалары туралы айтып берді. Іс-шара ашық диалог форматында өтті, оның шеңберінде түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар және кәсіби қызметті бастау бойынша практикалық ұсынымдар алды. «ОҚМА» АҚ сындарлы диалог пен ынтымақтастық үшін өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өкілдеріне алғысын білдіреді. Осындай мансаптық кездесулерді өткізу білім беру ұйымы мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ акакдемия түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Пікірлер орны (0)