
2025 жылғы 16 қыркүйекте ОҚМА-ның Педиатрия-2 кафедрасында "ВМ-МА-11-22" тобының білім алушыларының қатысуымен "БІЗ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫМЫЗ" атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында кафедра доценті Хатамов Фуркат Джмалович мазмұнды баяндама жасап, терроризмнің қауіптілігі мен жастардың қоғамдағы жауапкершілігі туралы ой қозғады. Білім алушылар тақырыпқа байланысты плакаттар әзірлеп, бейбітшілік пен тұрақтылық жайлы өз ойларымен бөлісті.
Шара соңында барлығы "Біз терроризмге қарсымыз!" ұранын қолдап, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға шақырды.