
2026 жылдың 28–30 сәуірі аралығында Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі Ташкент қаласында «Болашақ инженерлері» (Kelajak muhandislari) халықаралық хакатонын өткізді. ОҚМА студенттері AI Health Hackathon бағыты бойынша қатысып, 23 команданың арасынан оза шауып, I орын мен Өзбекстан Министрі кубогын иеленді. Команда жетекшісі «ЖТД және дерматовенерология» кафедрасының ассистенті Абабакирова Дилсара Талиббаевна болды. Сонымен қатар, ол хакатон қазылар алқасының мүшесі болды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, планшеттермен, дипломдармен және Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, Абабакирова Дилсара Талиббаевна Өзбекстандағы стартап-жобалардың шетелдік сарапшысы ретінде шақырту алды. Студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!