Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Болашақ» жастар орталығының е...
28 сәуір 2026
1
0
0

«Болашақ» жастар орталығының есеп беру кеші өтті


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Болашақ» жастар орталығының жылдық есеп беру кеші өтті. 
Іс-шараға оқу орнының клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы, ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Аукенов Нұрлан Ерденұлы, сондай-ақ тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы қатысып, белсенді студенттерге алғыс білдірді. Алдағы уақытта да қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға шақырды.


Кештің құрметті қонағы ретінде Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман сөз сөйлеп, академия жастарының қоғамдық жұмыстарға ерекше белсенді екенін атап өтті. Сонымен қатар, студенттерге сәттілік тілеп, олардың бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді.
Есеп беру кешінде оқу орнының студенттік ректоры Асқар Мерей Еламанқызы баяндама жасап, академиядағы 12 студенттік ұйымның бір жыл ішінде атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды. Әр бағыт бойынша жүзеге асқан жобалар мен іс-шаралар сараланып, олардың қоғам үшін маңызы айқындалды.
Кеш соңында белсенді студенттер өнер көрсетіп, ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Пікірлер орны (0)