
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде тиімді қолдануға арналған кездесу өтті. Іс-шараны академияның цифрлық офицері Нұрпейісов Айбек Сенбекұлы ұйымдастырып, іс-шараның мақсаты мен маңызына тоқталды.
Кездесу барысында «Bilim Group» компаниясының AI-методологы Абдулкәрім Абдулрахманұлы «ChatGPT Edu» платформасының негізгі мүмкіндіктерін таныстырды. Нақты мысалдар арқылы оқу материалдарын әзірлеу, мәтіндерді талдау, ақпаратпен жұмыс істеу және күнделікті кәсіби міндеттерді оңтайландыру жолдары көрсетілді.
Сондай-ақ, цифрлық этика мен киберқауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері қозғалып, маман қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.