
2026 жылдың 21 қазанында ОҚМА Тәжірибелік дағдылар орталығында жобаға бағытталған оқыту аясында 628, 629 және 630 топтарының дәрігер-интерндері ғылыми жобаларын қорғады.
Жоба жетекшілері: ЖТД-2 кафедрасының ассистенттері Баймуратова Б.Н., Абдиева Б.М. және медицина ғылымдарының магистрі Сметова Р.А.
«МСАК деңгейіндегі балалар аурулары» оқу циклі аясында интерндер балалар мен жасөспірімдер денсаулығының өзекті мәселелеріне арналған жобаларын ұсынды:
◆ Балалар мен жасөспірімдер арасындағы интернетке тәуелділік
◆ Балалар мен жасөспірімдердегі семіздік
◆ Қазіргі жастардың тамақтануы: фастфуд және энергетикалық сусындар
Жобалық жұмыс барысында интерндер мектепте зерттеу жүргізіп, алынған деректерді талдады және жұмыс нәтижелерін ұсынды.
Жобаларды қорғау болашақ дәрігерлердің зерттеушілік және талдамалық дағдыларын дамытудағы маңызды кезең болды әрі жасөспірімдер арасында аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызын көрсетті.