Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Дене тәрбиесі орталығында» тү...
5 қыркүйек 2025
37
2
0

«Дене тәрбиесі орталығында» түсіндірме сабақтар өтілді

2025 жылдың 2-5 қыркүйек күндері аралығында «ОҚМА» АҚ-ның «Дене тәрбиесі орталығында» академиялық адалдыққа арналған түсіндірме сабақтар өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға академиялық адалдық ұғымын түсіндіру, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ студенттер арасында академиялық мәдениетті қалыптастыру болды.
Аталған іс-шараға орталықтың оқытушылары белсенді түрде қатысып, адал білім алудың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Сабақ барысында академиялық адалдықтың негізгі принциптері – плагиатқа жол бермеу, өздігінен жұмыс орындау, емтихандарда әділ болу және ғылыми зерттеулерде сенімді дереккөздерге сүйену қажеттілігі кеңінен түсіндірілді.
Оқытушылар академиялық тәртіпті бұзудың салдары туралы нақты мысалдар келтіріп, білім алушыларға адалдықтың тек оқу процесінде ғана емес, кәсіби және жеке өмірде де маңызды екендігін атап өтті. Сонымен қатар, оқу орнының ішкі ережелері айтылды.
Түсіндірме сабақтар барысында білім алушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Бұл олардың тақырыпты тереңірек түсінуіне және академиялық ортада жауапкершілікпен әрекет етуге ынталандыруына ықпал етеді деп сенеміз.
Іс-шара аясында академиялық адалдықты сақтау оқу орнының беделін арттырудың, сапалы білім мен шынайы жетістіктерге жетудің басты кепілі екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Пікірлер орны (0)