
10 желтоқсан 2025 жылы «Қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау» кафедрасында «Денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект» тақырыбында маңызды дәріс-семинар өтті. Дәріспен медицинадағы цифрландыру саласының белгілі сарапшысы, медицина ғылымдарының докторы Елжан Амантайұлы Біртанов сөз сөйледі.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін трансформациялау және цифрлық технологияларды енгізу бойынша әлемдік тәжірибенің негізгі аспектілері қарастырылды. Елжан Амантайұлы отандық денсаулық сақтауды цифрландырудың тарихи жолына — алғашқы медициналық ақпараттық жүйелерден қазіргі интероперабельдік платформасына дейін — айрықша назар аударды.
Қатысушылар eHealth саласындағы халықаралық трендтермен танысты, олардың ішінде телемедицина, мобильді денсаулық сақтау (mHealth) және медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселелері бар. Дәріс барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық деректері ұсынылды: 125 елдің 80%-ы мобильді денсаулық сақтау жобалары медициналық қызметтердің қолжетімділігін айтарлықтай кеңейткенін хабарлаған.
Ерекше қызығушылық медицинадағы жасанды интеллекттің болашағына арналған блок тудырды. Елжан Амантайұлы персонализацияланған медицина, қашықтан диагностикалау технологиялары, молекулалық терапия және медициналық мақсаттағы 3D-басып шығару туралы айтты. Сондай-ақ ол денсаулық сақтаудағы заттар интернетінің (IoT) маңызын атап өтіп, мобильді денсаулық сақтау нарығының 2021 жылы $10,5 млрд болғанын және одан әрі белсенді өсіп келе жатқанын жеткізді.
Дәріс барысында жасанды интеллектті денсаулық сақтаудағы өзекті мәселелерді шешуге қолдану мүмкіндіктері белсенді талқыланды, соның ішінде әлем бойынша емдеу шығындарының 80%-ын құрайтын созылмалы аурулардың алдын алу мәселесі де бар. Дәріс тыңдаушылардың зор қызығушылығын тудырып, цифрлық трансформация жағдайында жұмыс істей алатын медициналық кадрларды даярлауда маңызды қадам болды.