Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Достық үні» атты мерекелік ке...
29 сәуір 2026
1
0
0

«Достық үні» атты мерекелік кеш

29.04.26ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық үні» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараға 1–2 курс білім алушылары белсенді түрде қатысты.


Мақсаты: Білім алушылар арасында достық пен өзара сыйластықты нығайту;
– Әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы бірлік пен татулықты дәріптеу;
– Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;
– Ұлттық мәдениеттер мен салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға баулу;
– Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттау болып табылады.

Іс-шара барысында білім алушылар әртүрлі ұлттардың мәдениетін таныстырып, ұлттық әндер орындап, би билеп, көріністер қойды. Қатысушылар өз өнерлері арқылы еліміздегі ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтың маңыздылығын көрсете білді.
Сонымен қатар, мерекелік бағдарлама аясында патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқылып, бірлік пен татулықты дәріптейтін мазмұнды қойылымдар ұсынылды. Бұл өз кезегінде білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ықпал етті.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жастар арасында достық, сыйластық және патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Мерекелік кеш соңында белсенділік танытып, ерекше өнер көрсеткен білім алушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Пікірлер орны (0)