Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Дойбы ойынынан іріктеу жарысы...
30 қыркүйек 2025
7
0
0

Дойбы ойынынан іріктеу жарысы өтті

2025 жылдың 30 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының спорт залында білім алушылар арасында шахматтан іріктеу жарысы өтті.Шахмат – адамның ақыл-ойын дамытатын, танымды да қызықты ойын. Оны көбіне есте сақтау қабілеті жақсы бала түгілі, ересек адамның өзі жадында сақтап қала алмай жатады. Себебі бұл – күрделі ойын. Сонымен бірге дойбы ойыны шапшаңдықты, жылдам аналитикалық ойлауды қажет етеді.
Бұл іріктеу жарысында алғыр, шапшаң сонымен бірге сабырмен ойналана отырып, оңтайлы шешім қабылдай алатын жастар іріктелді. Іріктеуге 18 білім алушы қатысып, оза шапқан қатысушылар арасынан

I-орынды ІЖТДО-03-24 тобының студенті Өстемір Дінмұхаммед,

ІІ орынды В-ФӨТБ-04-25 тобының студенті Досалы Алмас,

III орынды ВМ-СҚБ-05-23 тобының студенті Тоқтасын Нурислам жеңіп алды.

Пікірлер орны (0)