
"Фармация ісін ұйымдастыру және басқару" кафедрасында 2025 жылы 17 қыркүйекте В-ФО-04-21 тобының білім алушылары «Фармацевтикалық қызметтердің құқықтық негіздері мен іс қағаз жүргізу» пәнінің циклі бойынша дуальды оқытуға қатысты. Практикалық сабақ № 1 "Зерде Фарма" дәріханасының базасында өтті. Сабақтың тақырыбы "Компанияның іс қағаздарын ұйымдастыру және құжат айналымы" мәселесіне арналды. Практикалық бөлім аясында білім алушылар дәріхана ұйымында құжаттаманы жүргізу ерекшеліктерімен танысты, бастапқы құжаттарды ресімдеу тәртібін, ішкі құжат айналымының ерекшелігін және құжаттаманы сақтау жүйесін қарастырды. Заңды маңызы бар құжаттарды дұрыс ресімдеу, фармацевтикалық компания қызметінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етудегі іс жүргізудің рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дәріханалар базасында дуальды оқыту білім алушыларға теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді, бұл оларды кәсіби даярлаудағы маңызды қадам болып табылады.