
Дуальды оқыту жүйесінің негізі – теорияны тәжірибелік қызметпен ұштастыра оқыту технологиясы. «Фармация» ББ бойынша білім алушылар дуальды жүйе бойынша оқыту кезінде – кәсіби біліктілігі мен іскерлік дағдыларын меңгеріп, жан-жақты дамытады. «Фармация ісін басқару және ұйымдастыру» кафедрасында 5 курс білім алушылары «Қызметкерлерді басқару» пәнінен ЖШС «Europharma» , ЖШС «Зерде» және «Darihana 83» дәріханаларында тәжірибелік сабақтарын өтті. Дуальды оқыту технологиясының нәтижесі білім алушылардың заман талабына сай, бәсекеге қабілетті маман болып шығуы, жұмыс берушілердің талаптарына сұраныстың артуы болып табылады.