
Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ОҚМА спорт залында білім алушылар арасында қызықты әрі тартысты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру және олардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайту болды.
Жарысқа қатысушылар өзара «Бәйтерек», «Қыран», «Жұлдыз» және «Барыс» атты 4 топқа бөлініп, әртүрлі кезеңдерден тұратын эстафеталық тапсырмалар бойынша бақ сынасты. Әр кезеңде жылдамдық, ептілік, төзімділік және командалық үйлесімділік сынға түсті. Қатысушылар бар күш-жігерін салып, өз топтарының намысын қорғауға тырысты.
Жарыс барысында ерекше белсенділік пен ұйымшылдық танытқан «Бәйтерек» тобы қарсыластарынан озып шығып, жүлделі бірінші орынды иеленді.
Бұл жарыс білім алушылардың денсаулығын нығайтуға, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыруға және ұжымдық рухты қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
