
Дүниежүзілік кітап күніне орай «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кітаптар табыстау бойынша қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Бастама American Corner Shymkent қолдауымен жүзеге асырылды.
Іс-шараның мақсаты – балалар арасында кітап оқуды насихаттау және балалар үйінің кітап қорын толықтыру арқылы қолдау көрсету. Акция барысында қазақ және орыс тілдеріндегі көркем және танымдық кітаптар, соның ішінде балалар әдебиеті, ертегілер мен энциклопедиялар жиналды.
Өткізілген акция студенттер мен басқа кафедралар үшін маңызды әрі игі үлгі болып табылады, ол әлеуметтік жауапкершіліктің және қайырымдылық бастамаларға қатысудың маңыздылығын көрсетеді.
