"ЖТД-2" кафедрасының 7-курс интерн-дәрігері Булатова Диана Қанатбекқызы, ғылыми жетекшісі - медицина ғылымдарының докторы, профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызының тәлімгерлігімен "Bilim-orkenieti" ұлттық инновациялық-ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған "ЕАЭО елдерінің үздік студенті" халықаралық байқауында жүлделі орынға ие болды. Байқаудың мақсаты-ақылды, талантты және бастамашыл студенттерді көтермелеу, ЕАЭО елдері жастарының достығы мен ынтымақтастығын нығайту. Байқау барысында Диана қол жеткізілген нәтижелермен дербес портфолио ұсынды және "жаңа дәуірдің жасаушылары: менің болашаққа қосқан үлесім" тақырыбында мотивациялық хат жазды. Салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті, онда Диана медальмен, 1 дәрежелі дипломмен және "ЕАЭО елдерінің үздік студенті" естелік мүсіншесімен марапатталды.