Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Емтихан алдындағы мазасыздықт...
25 қараша 2025
1
0
0

«Емтихан алдындағы мазасыздықты жеңу: сенімділікке бастар жол» тақырыбында танымдық-психологиялық іс-шара өткізілді

2025 жылдың 25 қараша күні Психологиялық қызмет және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен ВМ-МҚҚА-02-25, ВМ-МҚБ-02-25 топтарында «Емтихан алдындағы мазасыздықты жеңу: сенімділікке бастар жол» тақырыбында танымдық-психологиялық іс-шара өткізілді. 
Қазіргі таңда студенттер арасында емтихан алдындағы стресс пен мазасыздық — жиі кездесетін өзекті мәселелердің бірі. Емтихандық мазасыздық – адамның білімін толық көрсетуіне кедергі келтіретін, қобалжуды күшейтетін және ой шоғырлануын төмендететін психологиялық күй. 
Осыған байланысты іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыру, емтихан алдындағы қысымның себептерін түсіндіру және мазасыздықты азайтудың тиімді тәсілдерін үйрету болды. 
Іс-шара барысында қатысушыларға емтихан мазасыздығының белгілері, оның пайда болуына ықпал ететін факторлар мен психологиялық әсерлері туралы ақпарат берілді.

Пікірлер орны (0)