Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Еріктілік арқылы бірлік: сері...
23 тамыз 2026
1
0
0

«Еріктілік арқылы бірлік: серіктестік, сенім, даму» атты тақырыпта форум өтті


 
Жақында Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Волонтерлерінің бірінші форумы өтті. «Еріктілік арқылы бірлік: серіктестік, сенім, даму» атты тақырыпта өткен форумды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева ашып беріп, еріктілік – бұл тек көмек емес, бұл елдер арасындағы сенім мен ынтымақтастықтың көпірі екенін атап өтті. Іс-шараның мақсаты – ТМД елдеріндегі волонтерлік қозғалысты жүйелеу, үздік тәжірибелерді ортаға салу және ортақ құндылықтар төңірегінде жаңа жобаларды іске қосу. Пленарлық, панельдік және стратегиялық сессияларда «Тең мүмкіндіктер еріктілігі», «Корпоративтік жауапкершілік», «Шекарасыз еріктілік» және «ТМД-ның ортақ болашағы» сынды өзекті тақырыптар талқыланды. Айта кетейік, форумға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының түлегі Асқар Мерей Еламанқызы Шымкент қаласының делегациясымен бірге барып, қатысып қайтты. 
Форум ТМД елдерінің волонтерлары үшін өзара түсіністік пен серіктестікті нығайтатын маңызды алаңға айналды. Біз бірге еріктілік арқылы қоғамды дамытып, адамдар арасындағы алшақтықты жойып, ортақ болашаққа қадам басып жатырмыз.

Пікірлер орны (0)