
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС пен нашақорлықтың зияндылығын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Жастар ресурстық орталығының маманы Жансая Аманбаева, қалалық полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Ердәулет Садықов, қалалық полиция департаменті профилактика советінің мүшесі, адвокат Яворский Евгений Анатольевич, Психикалық денсаулық сақтау орталығының жоғары санатты дәрігері, психиатр нарколог Меруерт Одаман, қалалық денсаулық сақтау басқармасы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың маманы Дильнаваз Атабекқызы қатысты.
Кездесу барысында ЖИТС және оның қауіптілігі, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, сондай-ақ есірткі қолданудың адам өміріне тигізетін зияны айтылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысатындарға заң бойынша қолданылатын жазаларға тоқталды.
Кездесу соңында студенттер мамандарға сұрақ қойып, нақты жауаптар алды.
