ФІҰБ кафедрасында қолданылатын дуалды оқыту жүйесі "Фармациядағы тиімді коммуникация" пәні бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу және оқу нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында кафедра мен дәріхана ұйымдарының өзара іс-қимылына негізделген. «Фармация» мамандығының 2 курс білім алушыларына тақырып бойынша практикалық сабақтар: «Фармацевтің фармацевтикалық қызметті тұтынушыға, оның жеке қасиеттеріне, жасына және ауру түріне байланысты қатынасын қалыптастыруы" "Зерде фарм", "Еврофарма", "Мұрат фарм", "Садыхан" дәріханаларының базаларында өтті.
В-ФКАБ-01-20 тобының білім алушылары дәріхана пациентіне кәсіби фармацевтикалық кеңес беру жұмыстарымен танысты . Сондай-ақ, дәріхана пациентінің менталитетінің ерекшеліктерін, жасына және ауруына байланысты фармацевттің науқасқа деген көзқарасын зерттеді. Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерімен танысты. Фармацевтер, дәрігерлер және фармацевтикалық қызметтерді тұтынушылар арасындағы қарым-қатынасты құрудың тиімді тәсілдерін игерді.