Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Фармацевтикалық өндіріс қызмет...
16 ақпан 2026
1
0
0

Фармацевтикалық өндіріс қызметіндегі жаңа деректер-оқытудың жаңа нәтижелері

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы  11 ақпан 2026 жылы «Фармацевтикалық өндірістегі ЖИ» тақырыбында Polpharma өндіріс басшысы доктор Томас Нотеггер дәрісін тыңдады. Кафедраның негізгі дисциплиналарының бірі – «Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәнімен байланыстыра отырып, дәріс барысында кафедра профессор-оқытушылық құрамы  және білім алушылары қызығушылықпен атсалысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.  Белсенділік танытқан кафедра мүшелері өңіріміздің ірі өндіріс орны - Polpharma өндіріс басшысы доктор Томас Нотеггер сертификатымен марапатталды.

Пікірлер орны (0)