Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Фармация факультетінің 4 курс...
16 мамыр 2025
4
0
0

Фармация факультетінің 4 курс студенттеріне білім беру траекториясын таңдау бойынша іс-шара

2025 жылдың 14 мамырында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (ОҚМА) акт залында фармация факультетінің 4 курс студенттері үшін оқытудың білім беру траекториясын таңдау бойынша дәстүрлі іс-шара өткізілді. «Клиникалық фармацевт» траекториясыменн фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы таныстырды (кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.к., қауым.профессор Токсанбаева Ж.С.).
Кафедраның негізгі спикері доцент Абуова Гүлнара Тұрғанбаевна болды, ол медициналық білім беру жүйесіндегі клиникалық фармацевт рөліне егжей-тегжейлі тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, клиникалық фармацевт өзінің білімін тәжірибелік қызметтің әртүрлі салаларында, яғни дәріханаларда, емдеу-профилактикалық мекемелерде, фармацевтикалық және медициналық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сонымен қатар фармацевтикалық бизнес саласында жүзеге асыра алатынын атап өтті. Іс-шара барысында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Кездесу болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын нығайтуға ықпал етті, сондай-ақ оларды клиникалық фармация және фармакоэкономика саласында одан әрі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге шабыттандырды.

Пікірлер орны (0)