
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының» АҚ (ОҚМА) Фармацевтия ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында В-ФО-02-23 тобы білім алушыларымен «Фармацияны басқару және экономикасы-1» пәні бойынша «Жалпы табысты жоспарлау және талдау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – білім алушылардың жалпы табысты жоспарлау және талдау бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ заманауи фармацевтикалық қызмет жағдайында оның көлеміне әсер ететін факторларды бағалау.
Ашық сабаққа оқу-әдістемелік орталықтың әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Рашева Б.М., Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Дәрілік заттар технологиясы және фармакогнозия кафедрасының өкілдері қатысты.
Сабаққа шақырылған тәжірибелік мамандар ретінде «EUROPHARMA» дәріханалар желісінің өкілдері – сапаны оқыту жөніндегі маман Каныбекова А.Е. және орталық дәріхананың меңгерушісі Султанкулова А.О. қатысып, өздерінің тәжірибелік білімдерімен және дәріхана ұйымдарының табысын басқарудың заманауи тәсілдерімен бөлісті.
Осындай іс-шараларды өткізу болашақ фармацевтика саласы мамандарының даярлық сапасын арттыруға, теориялық білім мен практиканы ұштастыруға, сондай-ақ студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етеді.