Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Фармация ісін ұйымдастыру және...
1 қазан 2025
7
0
0

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы VIII халықаралық ғылыми-практикалық фармацевтикалық форумға қатысты

2025 жылдың 1 қазанында «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы "Фармация" білім беру бағдарламасының 5 курс білім алушыларымен бірге фармацевт академиясының VIII Халықаралық ғылыми-практикалық фармацевтикалық форумына қатысты.
Іс-шарада фармация саласының жетекші мамандары мен халықаралық дәріскерлер бас қосты. Олар фармацевтикалық бизнестің заманауи бағыттары бойынша өзекті баяндамалар ұсынды. Форум барысында келесі маңызды мәселелер қамтылды:
фармацевт жұмысындағы коммуникативті және мінез-құлық аспектілері;
фармацевтикалық бизнесін дамытудың заманауи модельдері;
дәріханадағы көшбасшы: клиентті жақсы шешімге қалай жетелеу керек;
дағдарыс кезеңінде дәріханалардың табыстылығын арттыру.
Осы форумға қатысу оқытушылар үшін де, білім алушылар үшін де маңызды оқиға болды. Алынған білім қазіргі заманғы тәсілдерді тәжірибеде бағдарлап қолдануға, кәсіби құзыреттілікті кеңейтуге және фармацевтикалық қызметті дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Пікірлер орны (0)